28 сәуір 2023 жылы «KMG EP-Catering» ЖШС нысандарында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

28.04.2023
28 сәуір 2023 жылы «KMG EP-Catering» ЖШС нысандарында сенбілік жұмыстары жүргізілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалық жұмыстарына барлық қызметкерлер бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізіп, ағаш түптерін әктеді.  
Бұл шара қызметкерлердің табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Сенбілікке қатысқан адам саны - 420, тазалау аумағы – 8670 м2.

Другие новости