Теңіздің жазғы кезеңін ашу салтанаты

Теңіздің жазғы кезеңінің ашылуына арналған дәстүрлі салтанат 2017 жылдың 10-маусымында өткізілді. Теңіз жағалауында орналасқан жазғы сахна алаңына жиналған көпшілік жергілікті өнерпаздардың ән шашу бағдарламасын тамашалап, ұйымдастырушылар алқасы дайындаған әр түрлі ойын түрлеріне қатысып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Кендірлі демалушылары үшін ұйымдастырылған ашылу салтанатына «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Сақтағанов Наурыз Өзбекұлы, «KMG EP-Catering» ЖШС бас директорының экономика және финанс жөніндегі орынбасары Жокебаев  Жігер Мұхтарұлы қатысып, демалушыларға арнаған өздерінің лебіздерін білдірді. Көпшіліктің көңілінен шыққан ойын-сауықтың соңы дискотекамен жалғасты. Аталған шараны Кендірліде әр жыл сайын атап өту — өзгермейтін нақты дәстүрге айналды. Ол үшін «KMG EP-Catering» ЖШС әкімшілігі демалыс аймағында демалушылар үшін сатылы мәдени-көпшілік шараларды өткізу шығынын қарастырып, аталған шараларды өз уақытында атап өту мақсатында ұйымдастырушы өнерпаздарды жұмылдырып отыр.

Другие новости