Теңіз кезеңінің жабылу салтанаты

Үстіміздегі жылдың 09 –қыркүйегінде «Кендірлі» демалыс аймағында дәстүрлі жазғы кезеңнің жабылу салтанатына арналған мерекелік шара өткізілді. Мәдени шарада Жаңаөзен қаласының өнерпаздары өнер көрсетіп, кеш өте тартымды өтті. Дәстүрлі салтанатқа «KMG EP-Catering» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Таумуринов Рзағали Түгелбайұлы қатысып, демалыс аймағының бірқатар жұмысшыларына «Үлгілі еңбектері үшін» делінген «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының марапаттау қағаздарын тарту етті. Қала өнерпаздарының ән шашу бағдарламасынан кейін жастар дискотекасы басталуымен би алаңы көріктене түсті. 200 көрерменді баулыған, демалушылардың кешкі бос уақытын тиімді қолдануы үшін ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті, көпке дейін әсер қалдыратын атаулы бағдарлама болды  десек артық емес.

Другие новости