Спорттық шаралар бойынша

16.07.2019

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәрімізге белгілі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күніне және Наурыз мейрамына орай, 2019 жылдың наурыз айында «KMG EP-Catering» ЖШС цехтар арасында спорттық шаралар өткізілген болатын.

Мұндағы негізгі мақсат қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі, елдің болашағы – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.

Серіктестіктегі белсенді спортшылар мен жанкүйерлер басын қосқан спорттық шараны «KMG EP-Catering» ЖШС-нің бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қорғанбаев Батыржан және Кәсіподақ төрайымы Арапбаева Қазына Құлжігітқызының құттықтау сөзімен ашты.

Серіктестің цехтары сынға түскен спорттық басекеде бес команда ойын көрсетті. Футбол, волейбол, арқан тартудан командалар құрылып, қызу ойындар өткізілді. Сондай – ақ, жүзу жарысы бойынша да қызметкерлер өзара сынға түсті. Әр командадан 10 ойыншы қатысты. Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1,2,3 орындар анықталып, арнайы дипломдарымен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Тартысты әрі қызықты өткен спорттық бәсекеде ептілік танытып, 1-орынды Дене шынықтыру – сауықтыру кешені қызметкерлері арасынан шыққан команда ойыншылары иемденді. Ойын барысында спорттық шараға белсене қатысқан «Кендірлі» демалыс аймағынан қызметкерлері арасынан шыққан команда ойыншылары 2-орынға және Сервистік қызмет көрсету цехының командасы                     3-орынды иемденді. Қоғамдық тамақтандыру цехының намысын қорғаған команда ойыншылары «Ынталандыру» дипломына ие болды.

«KMG EP-Catering» ЖШС-нде әр түрлі спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта да іс – шаралар өз жалғасын таппақ.