Біліктілікті арттыру

«KMG EP-Catering» ЖШС-нің (алға қарай-Серіктестік) негізгі қызметі- тамақпен қамтамасыз ету қызметін ұсыну, «Өзенмұнайгаз», Эмбамунайгаз кен орындарында орналасқан асханаларда мұнайшыларды үш мезгіл, бір мезгіл ыстық тамақпен және термостық жағдайда ыстық тамақпен, құрғақ паек ұйымдастыру, түнгі ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Аталған қызмет түрін сапалы көрсету мақсатында асхана қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін арнайы курстар, үнемі іс-тәжірибе алмасу семинар-тренингтер әр  жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Мәселен, Серіктестіктің аспазшылар мен наубайшылардың біліктілігін арттыру мақсатында кезең-кезеңмен семинар-тренингтер 2017 жылдың маусым айы мен шілде айы аралығында Атырау қаласында арнайы аспазшылар, наубайшылар, технологтар дайындайтын колледжде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы компания «Өндірістік кәсіпорындарда тамақтандыру ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингтер, әртүрлі тағамдар дайындау бойынша мастер класстар өткізіп, арнайы компьютерленген кабинеттерде тесттер өткізіп, қызметкерлерге сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтандыру цехы жұмысы дәрежесін көтеру мақсатында технологтарға да аталған бағыттағы оқулар үнемі ұйымдастырылып отырады. Технологтар заман талабына және мұнайшылар сұранысына қарай ас мәзірінің түрлерін өзгертіп отыруға жұмыстанады. Мұнайшыларды тамақпен қамтамасыз ету қызметін ұсыну жолында аспазшылар аянбай еңбек етіп келеді.

Другие новости