Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!

01.06.2024

Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!
Жаздың алғашқы күнімен келген мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Баласының бақытты балалық шағы, жақсы азамат болып өсуі әр ата-ананың тілегі. Қоғам үшін де ел тұтқасын мықты ұстайтын білімді де ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Өйткені, бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел үміті, ұлт жалғасы.
Бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.
Біздің басты міндетіміз - ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Бұл бағытта елімізде балалардың сапалы білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған.
Қымбатты бүлдіршіндер, жас жеткіншектер! Сіздердің оқуда озат болып, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматы атануларыңызды тілейміз!
Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!
Құрметпен, “KMG EP-Catering” ЖШС

Другие новости