Наурыз

31.03.2023

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі «KMG EP-Catering» ЖШС жоғары деңгейде аталып өтті. Серіктестіктің бас ғимаратында 12 қанатты екі киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды. Қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін көріністер, әдемі ән мен ұлттық би шашулар қойылып, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны Серіктестіктің бас директоры Утегенов Жасұлан Утегенұлы ашып, ұжымды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Шараға «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қарасты еншілес тәуелді ұйымдарынан қонақтар, сонымен қатар Серіктестіктен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер шақырылды. Наурыз мейрамында ұжымдастар жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алды.

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған мерекеде концерттік бағдарламадан бөлек Серіктестік цехтары арасында салт-дәстүрді дәріптейтін көріністерден сайыс өтіп, арқан тартыс, гір тасын көтеру және қой көтеру секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Сайыс пен ұлттық ойындар қорытындысы бойынша жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен қаржылай сыйлық тапсырылды.

Бірлік пен татулықтың, еңбек пен жаңарудың жаршысы Наурызда ел аман, жұрт тыныш болып, әр шаңыраққа береке мен шат көңіл, бақыт сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Другие новости