"KMG EP-Catering" мамандар біліктілігін шыңдау

15.07.2019

"KMG EP-Catering" ЖШС-нің негізгі қызметі - «Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында орналасқан асханаларда мұнайшыларды үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ету болып табылады. Айта кететін болсақ, бір мезгіл ыстық тамақпен және термостық жағдайда ыстық тамақпен, құрғақ паек ұйымдастыру, түнгі ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Аталған қызмет түрін сапалы көрсету мақсатында асхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін арнайы курстар, іс-тәжірибе алмасу, семинар-тренингтер әр  жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Мәселен, Серіктестіктің аспазшылары мен наубайшыларының біліктілігін арттыру мақсатында кезең-кезеңмен семинар-тренингтер 2017 жылдың маусым айы мен шілде айы аралығында Атырау қаласында арнайы аспазшылар, наубайшылар, технологтар дайындайтын колледжде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы компания «Өндірістік кәсіпорындарда тамақтандыру ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингтер, әртүрлі тағамдар дайындау бойынша мастер класстар өткізіп, арнайы компьютерленген кабинеттерде тесттер өткізіп, қызметкерлерге сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, 2018 жылы да ұйымдастырылып, көптеген керекті ақпараттарын алды. Жыл сайынғы ұйымдастырылып тұратын оқу тренингтер қоғамдық тамақтандыру цех жұмысының дәрежесін көтеру мақсатында технологтарға үнемі ұйымдастырылып отырады. Технологтар заман талабына және мұнайшылар сұранысына қарай ас мәзірінің түрлерін өзгертіп отыруға жұмыстанады. Мұнайшыларды тамақпен қамтамасыз ету қызметін ұсыну жолында аспазшылар аянбай еңбек етіп келеді. 

Другие новости