События

«KMG EP-Catering» ЖШС-нің (алға қарай-Серіктестік) негізгі қызметі- тамақпен қамтамасыз ету қызметін ұсыну, «Өзенмұнайгаз», Эмбамунайгаз кен орындарында орналасқан асханаларда мұнайшыларды үш мезгіл, бір мезгіл ыстық тамақпен және термостық жағдайда ыстық тамақпен, құрғақ паек ұйымдастыру, түнгі ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Аталған қызмет түрін сапалы көрсету мақсатында асхана қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін арнайы курстар, үнемі іс-тәжірибе алмасу семинар-тренингтер әр  жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Мәселен, Серіктестіктің аспазшылар мен наубайшылардың біліктілігін арттыру мақсатында кезең-кезеңмен семинар-тренингтер 2017 жылдың маусым айы мен шілде айы аралығында Атырау қаласында арнайы аспазшылар, наубайшылар, технологтар дайындайтын колледжде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы компания «Өндірістік кәсіпорындарда тамақтандыру ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингтер, әртүрлі тағамдар дайындау бойынша мастер класстар өткізіп, арнайы компьютерленген кабинеттерде тесттер өткізіп, қызметкерлерге сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтандыру цехы жұмысы дәрежесін көтеру мақсатында технологтарға да аталған бағыттағы оқулар үнемі ұйымдастырылып отырады. Технологтар заман талабына және мұнайшылар сұранысына қарай ас мәзірінің түрлерін өзгертіп отыруға жұмыстанады. Мұнайшыларды тамақпен қамтамасыз ету қызметін ұсыну жолында аспазшылар аянбай еңбек етіп келеді.

06 октября 2017 года были проведены мероприятия, посвященные 10- летию со дня образования Атырауского филиала ТОО «KMG EP-Catering».

— столовая Забурунье

Приглашенные гости- председатель правления АО «Эмбамунайгаз», Директора Департаментов  АО «Эмбамунайгаз», начальники нефтегазодобывающих управлений и  начальники отделов социального развития,  сотрудники АО «Эмбамунайгаз», представители сервисного колледжа г. Атырау, руководители и сотрудники Товарищества в г. Жанаозен.

НГДУ «Жайыкмунайгаз»:     — столовая им.С.Балгимбаева

В выставке принимали участие  7 команд от:

— столовая Забурунье

— столовая Восточный Макат

НГДУ «Доссормунайгаз»:     — столовая Ботахан

НГДУ «Доссормунайгаз»:     — столовая Ботахан

— столовая Теренозек

На выставке были представлены следующие  кухни:

НГДУ «Кайнармунайгаз»:   — столовая Кенбай

НГДУ «Кайнармунайгаз»:   — столовая Кенбай

— Грузинская кухня

— Узбекская кухня

— Японская кухня

— Итальянская кухня

— Французская кухня

— Индийская кухня

По итогам голосования посредством выбора жетонов были выбраны победители и призеры выставки.

Вторая часть мероприятия продолжилась концертом художественной самодеятельности работников Атырауского филиала Товарищества.

Памятными подарками и благодарственными письмами были награждены работники, проработавшие 10 лет в АФ, а также отличившиеся  работники филиала.

Үстіміздегі жылдың 09 –қыркүйегінде «Кендірлі» демалыс аймағында дәстүрлі жазғы кезеңнің жабылу салтанатына арналған мерекелік шара өткізілді. Мәдени шарада Жаңаөзен қаласының өнерпаздары өнер көрсетіп, кеш өте тартымды өтті. Дәстүрлі салтанатқа «KMG EP-Catering» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Таумуринов Рзағали Түгелбайұлы қатысып, демалыс аймағының бірқатар жұмысшыларына «Үлгілі еңбектері үшін» делінген «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының марапаттау қағаздарын тарту етті. Қала өнерпаздарының ән шашу бағдарламасынан кейін жастар дискотекасы басталуымен би алаңы көріктене түсті. 200 көрерменді баулыған, демалушылардың кешкі бос уақытын тиімді қолдануы үшін ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті, көпке дейін әсер қалдыратын атаулы бағдарлама болды  десек артық емес

«Кендірлі» демалыс аймағында семинарлар, оқулар және тимбилдингтер әр  жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Мәселен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына қарасты өндірістік филиалдар жұмысшылары және аппарат басшыларының оқуы 2017 жылдың Сәуір айында «Кендірлі» демалыс аймағында ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталған бағыттағы оқулар 2017 жылдың Қыркүйек, Қазан, Қараша айларында да Кендірліде өткізілді. Негізгі құрылтайшы – «Өзенмұнайгаз» АҚ, ұйымдастырушы компаниялар – «Шынгыс-Сервис Трейд» ЖШС және «High Level Group (Хай Лэвэл Групп)» ЖШС. 2017 жылдың Шілде,Тамыз айларында «Бұрғылау» ЖШС жұмысшылары арасындағы тимбилдинг те «Кендірлі» демалыс аймағында өткізілді. Аталған барлық шараға барлығы 350-400–дей мамандар қатысты. Осы арнайы оқулар, семинарлар, тимбилдингтерге қатысушыларды арнайы жатын орындармен, мейрамханада тамақтандырумен, қызмет көрсету орталықтарымен қамтамасыз етуді «KMG EP-Catering» ЖШС-гіне қарасты «Кендірлі» демалыс аймағы ұйымдастырды.

2016 жылдың Мамыр айында «Кендірлі» демалыс аймағының жұмысшыларына арналған 80 орындық жатақхана салынды. Жұмысшылар игілігіне тарту еткен жаңа нысанның құрылтайшысы — «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ы, құрылысты жүзеге асырған «АқтауОйлМаш» ЖШС-гі. Аталған нысанға демалыс аймағының жұмысшылары  орналасты, дегенмен де жазғы мезгілде демалушы санының артуы негізінде аутсорсингтік компаниялар арқылы уақытша жұмысқа қабылданатын жұмысшылардың келуіне байланысты тағы да жұмысшылар үшін «орын тапшылығы» деп аталатын  проблемалық жағдай  туындады. Аталған жағдайды шешу, жұмысшыларды талапқа сай орындармен қамтамасыз ету деңгейіндегі сұрақтар күн тәртібінен түспеді. Осы жағдайдың шешімі 2017 жылдың Маусым айында белгілі болды. Яғни үстіміздегі жылдың жаңа нысаны 100 орындық эконом-класс жатақханасынан 50 орын жұмысшыларға берілді.  Қалған  50 орынға жыл басындағы келісім бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына қарасты өндірістік филиал мұнайшылары және олардың отбасы мүшелері арнайы жай тарифпен есептелген жолдама арқылы демалыстарын өткізді.

«Кендірлі» демалыс аймағында  жай тарифке сай келетін (эконом-класс) жатақхана ашылды. 2017 жылдың 1–шілдесінен бастап өз жұмысын бастаған аталған нысан теңіз жағасына жақын орналасқан.  Эконом-класс деңгейіндегі жатақханада көк айдын теңіз бейнесі анық көрінетін бөлмелер бар,  кішігірім теңіз дауылы болған кезде,  әсіресе түнгі мезгілде теңіз толқындарының дауысы жағымды әсер береді.

Бөлмелер екі орынды болып келеді, яғни бір бөлмеде екі демалушы ғана орналаса алады. Әрбір бөлме салқындатқыш, теледидар, шкаф, тумбалар, тоңазытқыш, бөлек қойылған кереуеттермен және жеке санитарлық тораппен жабдықталған. 3 жасқа дейінгі балалар ата-анасының жауапкершілігімен ақысыз орналаса алады. 50 орындық арнайы асханасы бар нысанда «Кендірлі» демалыс аймағы ашылғалы жұмыс жасап келе жатырған мамандар қызмет атқарады.

Эконом-класс бөлмелері қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие бөлмелер санатына жатады, яғни демалушыларға ыңғайлы да бірсарынды қызмет түрлері  ұсынылады.  Кендірлінің демалушыларына тек қана жайлы демалыс тілейміз.

Теңіздің жазғы кезеңінің ашылуына арналған дәстүрлі салтанат 2017 жылдың 10-маусымында өткізілді. Теңіз жағалауында орналасқан жазғы сахна алаңына жиналған көпшілік жергілікті өнерпаздардың ән шашу бағдарламасын тамашалап, ұйымдастырушылар алқасы дайындаған әр түрлі ойын түрлеріне қатысып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Кендірлі демалушылары үшін ұйымдастырылған ашылу салтанатына «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Сақтағанов Наурыз Өзбекұлы, «KMG EP-Catering» ЖШС бас директорының экономика және финанс жөніндегі орынбасары Жокебаев  Жігер Мұхтарұлы қатысып, демалушыларға арнаған өздерінің лебіздерін білдірді. Көпшіліктің көңілінен шыққан ойын-сауықтың соңы дискотекамен жалғасты. Аталған шараны Кендірліде әр жыл сайын атап өту — өзгермейтін нақты дәстүрге айналды. Ол үшін «KMG EP-Catering» ЖШС әкімшілігі демалыс аймағында демалушылар үшін сатылы мәдени-көпшілік шараларды өткізу шығынын қарастырып, аталған шараларды өз уақытында атап өту мақсатында ұйымдастырушы өнерпаздарды жұмылдырып отыр.

2017 жылдың 21–25 мамыр аралығында «Қ.Р. Автомотоспорт Федерациясы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстанда тұңғыш рет автомобилдер спорттық жарысынан (Ралли Казахстан- 2017) Әлем чемпионатына қатысушы отандастарымыз бен шетелдік қонақтар Кендірліге келіп орналасты. Аталған көпсатылы жарыстың 280–дей қатысушысы мен ұйымдастырушылар алқасы демалыс аймағында орналасып, әлемдік қонақтарға жоғарғы  деңгейде сервистік қызмет көрсету, яғни тамақтандыру, жатын орындарымен қамтамасыз ету жұмысы талапқа сай жүзеге асты. «Халықаралық  FIA күнпарағына енгізілген әлемдік чемпионат қатысушыларын күтіп алу мәртебесі бізге бұйырғанына қуаныштымыз, ашылғалы әлемдік деңгейде маңызы бар шаралар өткізіліп келе жатырған біздің демалыс аймағы үшін мақтана аламын», — деген жұмысшылардың пікірі де ескерілді.

2016 жылдың Наурыз айында басталған күрделі жөндеу жұмысының қорытындысы бойынша  демалыс аймағындағы 10 (он) жастар коттедждері және №20 қонақ үй толық жөндеуден өткізіліп, қонақ бөлмелері судай жаңа жиһаздармен, техникалық құрал-жабдықтармен (жаңа салқындатқыштар, тоңазытқыштар, теледидар т.б), сантехникалық бұйымдармен жаңартылып, жабдықталды.

2017 жылдың Сәуір айында демалыс аймағындағы №3 және №4 жанұялық коттеждерге косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демалыс аймағындағы жөндеу жұмыстарының бас құрылтайшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына айтар алғысымыз мол.

03 февраля 2017 года в АО «РД «КазМунайГаз» состоялась отчетное совещание по оценке финансово-хозяйственной деятельности дочерних и зависимых организаций АО «РД «КазМунайГаз» за 12 месяцев 2016г.

На данном совещании с отчетом о финансово-хозяйственной деятельности ТОО «KMG EP-Catering» выступил генеральный директор Товарищества Б. Киялбаев, в своем докладе руководитель предприятия проинформировал руководство АО «РД «КазМунайГаз» о финансовых и производственных показателях Товарищества, о состоянии техники безопасности и охраны окружающей среды на производстве. Также была предоставлена информация по социальным вопросам и кадровому управлению, заострено внимание на основных вызовах и рисках влияющих на исполнение годовой рабочей программы и бюджета.

За период 2016г. происшествий с несчастными случаями и производственным травматизмом по Товариществу зафиксировано не было, все запланированные организационно-технические мероприятия по безопасности и охране труда и окружающей среды выполнены.

По итогам выступления руководство АО «РД «КазМунайГаз» положительно оценив состояние дел в Товариществе, поручило руководству предприятия обеспечить выполнение производственных показателей в 2017г.