События

«Кендірлі» демалыс аймағында  жай тарифке сай келетін (эконом-класс) жатақхана ашылды. 2017 жылдың 1–шілдесінен бастап өз жұмысын бастаған аталған нысан теңіз жағасына жақын орналасқан.  Эконом-класс деңгейіндегі жатақханада көк айдын теңіз бейнесі анық көрінетін бөлмелер бар,  кішігірім теңіз дауылы болған кезде,  әсіресе түнгі мезгілде теңіз толқындарының дауысы жағымды әсер береді.

Бөлмелер екі орынды болып келеді, яғни бір бөлмеде екі демалушы ғана орналаса алады. Әрбір бөлме салқындатқыш, теледидар, шкаф, тумбалар, тоңазытқыш, бөлек қойылған кереуеттермен және жеке санитарлық тораппен жабдықталған. 3 жасқа дейінгі балалар ата-анасының жауапкершілігімен ақысыз орналаса алады. 50 орындық арнайы асханасы бар нысанда «Кендірлі» демалыс аймағы ашылғалы жұмыс жасап келе жатырған мамандар қызмет атқарады.

Эконом-класс бөлмелері қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие бөлмелер санатына жатады, яғни демалушыларға ыңғайлы да бірсарынды қызмет түрлері  ұсынылады.  Кендірлінің демалушыларына тек қана жайлы демалыс тілейміз.