События

«Кендірлі» демалыс аймағында семинарлар, оқулар және тимбилдингтер әр  жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Мәселен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына қарасты өндірістік филиалдар жұмысшылары және аппарат басшыларының оқуы 2017 жылдың Сәуір айында «Кендірлі» демалыс аймағында ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталған бағыттағы оқулар 2017 жылдың Қыркүйек, Қазан, Қараша айларында да Кендірліде өткізілді. Негізгі құрылтайшы – «Өзенмұнайгаз» АҚ, ұйымдастырушы компаниялар – «Шынгыс-Сервис Трейд» ЖШС және «High Level Group (Хай Лэвэл Групп)» ЖШС. 2017 жылдың Шілде,Тамыз айларында «Бұрғылау» ЖШС жұмысшылары арасындағы тимбилдинг те «Кендірлі» демалыс аймағында өткізілді. Аталған барлық шараға барлығы 350-400–дей мамандар қатысты. Осы арнайы оқулар, семинарлар, тимбилдингтерге қатысушыларды арнайы жатын орындармен, мейрамханада тамақтандырумен, қызмет көрсету орталықтарымен қамтамасыз етуді «KMG EP-Catering» ЖШС-гіне қарасты «Кендірлі» демалыс аймағы ұйымдастырды.