События

2016 жылдың Мамыр айында «Кендірлі» демалыс аймағының жұмысшыларына арналған 80 орындық жатақхана салынды. Жұмысшылар игілігіне тарту еткен жаңа нысанның құрылтайшысы — «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ы, құрылысты жүзеге асырған «АқтауОйлМаш» ЖШС-гі. Аталған нысанға демалыс аймағының жұмысшылары  орналасты, дегенмен де жазғы мезгілде демалушы санының артуы негізінде аутсорсингтік компаниялар арқылы уақытша жұмысқа қабылданатын жұмысшылардың келуіне байланысты тағы да жұмысшылар үшін «орын тапшылығы» деп аталатын  проблемалық жағдай  туындады. Аталған жағдайды шешу, жұмысшыларды талапқа сай орындармен қамтамасыз ету деңгейіндегі сұрақтар күн тәртібінен түспеді. Осы жағдайдың шешімі 2017 жылдың Маусым айында белгілі болды. Яғни үстіміздегі жылдың жаңа нысаны 100 орындық эконом-класс жатақханасынан 50 орын жұмысшыларға берілді.  Қалған  50 орынға жыл басындағы келісім бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына қарасты өндірістік филиал мұнайшылары және олардың отбасы мүшелері арнайы жай тарифпен есептелген жолдама арқылы демалыстарын өткізді.